05 сәуір 2020 12:35

Карантин қарт адамдарға қауіпті - дәрігер

Көрнекі сурет © pixabay.com

Коронавирусқа байланысты карантин мен үйде оқшаулану егде жастағы адамдарға зиян болуы мүмкін. Бұл туралы израилдық дәрігер Леонид Эйдельмен мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа байланысты карантин мен үйде оқшаулану егде жастағы адамдарға зиян болуы мүмкін. Бұл туралы израилдық дәрігер Леонид Эйдельмен мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Дәрігердің сөзінше, карантин кезінде қарт адамдар артық тамақ жеп, стресс көбейетіндіктен созылмалы аурулар асқынып кетуі мүмкін. Сонымен қатар, карантин кезінде көп қозғалмауы да негатив әсер етеді. 

Реклама
Реклама

"Күнделікті стресс пен қозғалыстың бәсеідеуі, артық тамақ жеу созылмалы аурулардың асқынып кететініне әкеліп соғатынына сенімдімін. Карантин кезінде үйде отырған қарт адамдар отырып тіпті жатып қалуы мүмкін. Ондай адамдар карантиннен кейін физикалық елсенділігін қалпына келтіруі қиын болады", - деп түсіндірді Леонид Эйдельмен.

Дәрігер егер белгілі бір ауру анықталған жағдайда қарт адамдар ауруханаға барудан бас тартса, жағдай қиындай түсетінін айтты. 

"Бізде жүрегі ауырып, бірақ дер кезінде ауруханаға жүгінбеген адамдар көз жұмған жағдайлар тіркелген", - дейді маман. 

Леонид Эйдельмен мүмкіндігінше жиі қозғалып тұрған дұрыс екенін айтты. Стреспен күресу үшін арнайы бір хоббимен айналысу керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram