11 желтоқсан 2017 | 09:25

Қартаюды жеделдетеді: Дәрігер күнделікті қолданыстағы үш негізгі азық-түлікті атады

© hronika.info

Дәрігер әрі тележүргізуші Елена Малышева адам ағзасындағы жасушалардың жаңару процесінде ауытқушылық тудырып, қартаюды жеделдететін азық-түліктің үш негізгі түрін атады, - деп хабарлайды "Медикфорум".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дәрігер әрі тележүргізуші Елена Малышева адам ағзасындағы жасушалардың жаңару процесінде ауытқушылық тудырып, қартаюды жеделдететін азық-түліктің үш негізгі түрін атады, - деп хабарлайды "Медикфорум".

Маманның сөзінше, осындай азық-түліктің бірі қант және құрамында қанты бар заттар. Дәрігердің айтуынша, ағзада онсыз да қант өндіру процесі - гликирлеу үздіксіз жүріп отырады. Ал қантты қосымша пайдалану жасушаларды тым нәзік етіп тастайды.  

Реклама
Реклама

"Қандағы қант мөлшерінің артуы коллаген тіндерінің созылғыштығынан айырады. Ал олардың сынған тұстарында әжімдер пайда болады. Қан тамырларының да жағдайы нашарлап, инфаркт пен инсульт қаупі артады", - дейді дәрігер. 

Кәрілікті жеделдететін азық-түліктің тағы бір түрі - ет өнімдері. Мұндай өнімдердің құрамындағы үлкен мөлшердегі фосфор қосындылары ақуызбен байланысып, бүйрек пен қан тамырларына зиян келтіреді. 

Сонымен қатар, алкоголь өнімдері де өте зиян. Спиртті ішідіктерді ара-тұра пайдалану да ағзаның жылдам қартаюна әкеледі. Ағзаға түскен спирт молекулаларын жоюға сұйықтықтың бірден үлкен көлемі жұмсалады. Ал жасушалардың сұйықтықтан айырылуы оларды әлсіз етіп, адам терісі әжімдену мен қабынуға бейім болады. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная