26 маусым 2020 | 13:04

Қазақстан коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарында - ДДҰ

Фото: Тұрар Қазанғапов

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына жатқызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына жатқызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге Еуропа елдерінде шектеу шаралары алынғаннан кейін коронавирус жұқтырғандардың көбейгенін және оның салдары денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіре алатынын айтқан.

Реклама
Реклама

"Еуропаның 30 елінде соңғы екі аптада жұқтырғандардың саны көбейді. Олардың 11-інде жаппай жұқтырғандар күрт өсті. Бақылау болмаса Еуропаның денсаулық сақтау жүйесін тығырыққа тіреуі мүмкін", - деді Клюге баспасөз конференциясында.

Ол қай елдерді айтып тұрғанын және қандай да бір нақты деректерді айтпады.

Кейін ДДҰ Армения, Швеция, Молдава, Солтүстік Македония, Әзербайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина және Косово COVID-19 жаппай тез тарап жатқан елдер деп хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram