01 ақпан 2021 11:04

Қазақстан Pfizer вакцинасын жеткізу туралы меморандумға қол қойды

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы Қазақстанда 2021 жылдың екінші жартысында пайда болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі америкалық өндірушімен елге Pfizer вакцинасын жеткізу туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың айтуынша, Pfizer-ді Қазақстанға жеткізу туралы алдын ала келісімдер бар.

Реклама
Реклама

"Екінші жартыжылдықтан бастап Pfizer Қазақстан үшін қолжетімді болуы мүмкін. Алдын ала келісімдер бар. Pfizer компаниясымен меморандумға қол қойылды. Талқылау барысында егжей-тегжей мәселелер шешіледі", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, вакцина тапшылығы болғандықтан, компанияның басқа елдер алдындағы міндеттемелері әлі шешілмей тұр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram