15 ақпан 2021 | 16:49

Қазақстанда әскери қызметкерлерді вакцинациялау наурызда басталады

Фото:elements.envato.com

Қазақстан Қарулы Күштерінде коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылы наурызда басталады. Қорғаныс министрлігі жеке құрамның вакцина қабылдайтын басым санаттарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қарулы Күштерінде коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылы наурызда басталады. Қорғаныс министрлігі жеке құрамның вакцина қабылдайтын басым санаттарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта вакцинацияға дайындық жүріп жатыр. Қарулы күштерді вакцинациялау 2021 жылы наурызда басталады. Екпе қабылдауда жеке құрам маңыздылығына қарай санаттарға бөлінді. Әскери және азаматтық қызметтегі қызметкерлер берген пікірлерді зерттеп, олардың коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауды қолдайтынын анықтадық", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомство Қарулы Күштерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны елдегі орташа көрсеткіштен едәуір төмен екенін айтты. Бұл, Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу шараларын толық өткізуге, жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік даярлық шараларын қысқартуға, жауынгерлік даярлықты төмендетуге жол берілмейтінін айтты. Ол коронавирус инфекциясының таралуына қарсы профилактика шараларын жетілдіруді тапсырды.

"Шара түсіндіру жұмыстарын және сарбаздар денсаулығының күнделікті мониторингін, сондай-ақ жоспарлы вакцинацияны, жеке құрамның жоспарлы ПТР-сынама тапсыруын, ал қажет болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсетуді қамтуы тиіс.

Қарулы Күштердегі, аймақтық қолбасшылықтардағы, қарулы күштер бөлімшелері, әскери бөлімдер мен мекемелердегі эпидемиологиялық жағдай жауапкершілігі бас қолбасшы, командир мен бастықтарына жүктелген", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная