ПОДЕЛИТЬСЯ
23 желтоқсан 2022 | 17:46
Қазақстанда балаларға арналған Ұлттық онкогематологиялық орталық пайда болады
Қазақстанда балаларға арналған ұлттық онкогематологиялық орталық ашылады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда балаларға арналған ұлттық онкогематологиялық орталық ашылады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда 2024 жылға дейін балаларға онкогематологиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша жол картасы бекітілген.
"Елімізде жылына орта есеппен 500-600 бала анықталады (онкологиялық ауруы бар-еск.), оның 41 пайызы - жедел лейкемия, 14 пайызы - орталық жүйке жүйесінің ісіктері, 9 пайызы - жұмсақ тіндердің саркомасы және басқа аурулар. Балаларда 1-2 сатыдағы онкологияның анықталуы 38 пайыз болды. Жас құрылымында 33 пайызы 3 пен 10 жас аралығындағы балалар. Барлығы әртүрлі онкологиялық және гематологиялық аурулары бар 3 833 бала динамикалық бақылауда, оның ішінде 968 науқас амбулаториялық негізде спецификалық патогенетикалық терапия алуды жалғастырып жатыр", - деді Дудник ОҚК-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық заманауи әдістері енгізілген.
Кейінгі бес жылда 335 балаға гемопоэтикалық бағаналы жасуша трансплантациясы жасалса, оның 49-ы биыл өткен. Спикердің айтуынша, онкогематологиялық патологиясы бар балалардың бес жылдық өмір сүру деңгейі 75 пайыздан асады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспарын әзірледі. 2025 жылға дейін балалар онкологиялық ауруханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту және осы қызмет саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру шаралары қарастырылған. Балаларға арналған Ұлттық онкогематологиялық орталық құру жоспарланған", - деп қосты ол Вячеслав Дудник.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также