08 қазан 2022 | 11:53

Қазақстанда белсіз ерлер саны артып барады-репродуктолог

Pixabay.com

Қазақстанда 15 пайыздан аса ерлі-зайыпты бедеулікке шалдыққан. Бұл туралы Қазақстан халқының репродуктив әлеуеті қауымдастығы хабарлады. Мамандар мұны әйелдер арасында түсік жасатудың көбеюімен, сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін ауруларға әкелетін жыныстық қатынастың дұрыс құрылмауымен байланыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 15 пайыздан аса ерлі-зайыпты бедеулікке шалдыққан. Бұл туралы Қазақстан халқының репродуктив әлеуеті қауымдастығы хабарлады. Мамандар мұны әйелдер арасында түсік жасатудың көбеюімен, сондай-ақ, жыныстық жолмен берілетін ауруларға әкелетін жыныстық қатынастың дұрыс құрылмауымен байланыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV арнасына сілтеме жасап.

Репродуктологтар альянсының жетекшісі Әйгерім Дощанова балалар гинекологтары мен андрологтарының қызметі мәселені шешеді деп есептейді. Алайда мұндай мамандар тапшы.

"Біз балалар гинекологиясы, ювенология мәселелерімен айналысамыз, бірақ ерлер ювенологиясы, андрология (еркектер, ерлердің анатомиясы мен физиологиясын зерттейтін медицина саласы. - еск.) ювенал мәселелерімен ешкім айналыспайды, тіпті мемлекеттік бағдарламалар да жоқ. Бізде балалар гинекологтары аз. Түрлі бағдарлама бар, бірақ оны кім жүзеге асырады? Бізге міндетті түрде балалар андрологы, балалар гинекологы мамандары қажет", - деді Дощанова.

Реклама
Реклама

Дәрігерлер кейінгі 10 жылда белсіздік диагнозы ер адамдарға жиі қойылатынын айтты. Бірақ медицина бір орында тұрмайды. Жыл сайын мемлекет жасанды ұрықтандыру бағдарламасына 7 мың квота бөледі.

Адамның репродуктив емханалары желісінің ғылыми жетекшісі Салтанат Байқошқарованың айтуынша, Қазақстанда ЭКҰ тұрмыс деңгейі орташа отбасыға қолжетімді.

"Әлем бойынша арзан ЭКҰ Қазақстанда. ЭКҰ бағдарламасына бір миллион теңге, бір жарым миллион теңге жұмсалады. Ал қол жетпейтіндер үшін бұл мемлекеттік бағдарламалар жасалды. Иә, біздің мамандар арасында кімге квота беру керегі туралы дау туады. Бірақ бұл ретте квоталар саны шектеулі, сондықтан біз азды-көпті перспективасы бар жұптарды алуымыз керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная