1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Денсаулық

Қазақстанда бір тәулікте 59 адам коронавирус жұқтырған

Кейінгі тәулікте 59 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме

Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Кейінгі тәулікте 59 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

12 қарашадағы мәлімет бойынша, 796 адам коронавирус инфекциясынан (–639+ және 157 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 79 пациент стационарда, 717 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 7 адамның жағдайы ауыр,

• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!