23 шілде 2020 | 09:27

Қазақстанда карантин қалай жеңілдетіледі

Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі қалай жеңілдетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин режимі қалай жеңілдетілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабар 24" телеарнасындағы бағдарламалардың бірінде министрден карантиннің қалай жеңілдетілетіні туралы сұралды.

Реклама
Реклама

"Қазір жоспар әзірлеп жатырмыз. Жақын күндері тәсілдерді жариялағымыз келеді. Халықаралық тәжірибені қостық, өте көп сарапшы қосылды. Басқа елдер карантиннен қалай шықты, қандай шаралар. Бұл жеңілдету болмайтыны, түсінікті. Біз кезең-кезеңмен орындаймыз, эпидемиологиялық жағдайды ескереміз, әр аймақта жағдай қалай болып жатқанын жеке қараймыз", - деп жауап берді министр.

Министр алдағы уақытта демалыс күндері локдаун енгізу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

"Қашықтық сақтау, жұмыс орындарында шектеу шараларының түрлі әдісі бар. Күнделікті жұмысқа қатынау және қашықтан жұмыс істейтіндердің пайыздық көрсеткіші. Қазір әлемде тоқтату үшін (пандемияны) түрлі әдіс пайдаланылып жатыр", - деп қосты Цой.

"Қазақстан туралы айтсақ, жекеменшік балабақшалар мен білім беру мекемелері ашыла ма, жоқ па?" - деп сұрады жүргізуші.

"Қазақстанда 2 тамызға дейін жағдай қалай болатынын түсінуіміз керек. Егер қазіргідей көрсеткіштер тұрақты түрде жақсарса, онда ашу мәселесін қарастырамыз. Егер жаппай тарап немесе өлім саны көбейіп кетсе, онда үкіметке ұзартуды ұсынамыз (қатаң карантинді)", - деп жауап берді Цой.

Министрдің айтуынша, қазір жағдай тұрақты, бірақ шектеу шараларының тиімділігін сәл кейінірек көруге болады.

"Міне алғашқы екі апта өтті, үшінші аптада біз бірінші аптаның нәтижесін көрдік. 14 күн - инкубациялық кезең. Содан соң бірінші карантиннің тиімділігін көре аламыз. Екінші екі аптаның нәтижесін кештеу көреміз", - деп атап өтті Цой.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная