01 ақпан 2021 | 08:07

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Фото: Еlements.envato.com

Бүгін Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елордада бастапқы кезеңде вакцинация №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі. Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вакцинацияланады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Коронавирус: кімдерге вакцина салдыруға болмайды?

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцина тегін және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда "Спутник V" ерікті вакцинациялау науқаны басталатыны хабарланған болатын.

Келісімдер негізінде Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Ақпанда Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені 112 мың доза, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың доза вакцина жеткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная