16 қазан 2020 | 16:07

Қазақстанда шетелдіктер коронавирустан тегін емделе алады

Фото: glavcom.ua

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мен пана іздегендер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында коронавирустан тегін емделе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мен пана іздегендер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында коронавирустан тегін емделе алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы бұйрығы ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланды. Құжат Әділет министрлігінде 12 қазанда тіркелген.

Реклама
Реклама

Шетелдіктерге тегін медициналық көмек алуға құқық беретін аурулардың жаңа тізбесі 23 тармақтан тұрады:

Дифтерия; Қызылша; Қызамық; Көкжөтел; Скарлатина; Желшешек; Эпидемиялық паротит; А, В, С паратифтері; Полиомиелит; Менингококк инфекциясы; Тырысқақ; Іш сүзегі; Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерия бөлетін өкпе туберкулезі; науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез)); Күйдіргінің өкпелік түрі; Оба; Вирустық геморрагиялық қызбалар; Сары қызба; А, Е вирустық гепатиттері; Безгек; Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауы; Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС); Коронавирус инфекциясы.

Құжатпен толығырақ сілтемеге өтіп, таныса аласыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная