ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қыркүйек 2020 | 17:26
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау мерзімінен бұрын басталады
Қазақстандықтарға тұмауға қарсы вакцина салу әдеттегі мерзімінен екі апта ерте салына бастайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина салына бастайды. Ол әдеттегі мерзімнен екі апта ерте. Бұл азаматтарда ЖРВИ кезеңінде тұмауға қарсы иммунитет қалыптасуы үшін жасалады", - дейді Қожахметов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, вирусқа қарсы вакцина арқылы 6-12 ай аралығына иммунитет қалыптасады.
"Азаматтардың вакцина салдыруына арналған бес мыңнан аса кабинет дайындалды. Маусымдық вакцинацияға дайындық аясында жеті мыңнан аса дәрігер және 15 мыңдай кіші медицина қызметкері оқудан өтті", - деді ДСМ ресми өкілі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также