ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2020 | 14:37
Қазақстандық дәрігерлерге 73,7 миллиард теңге үстемақы төленді - Төкежанов
Коронавирус пандемиясы басталғалы бері медициналық сақтандыру қоры дәрігерлерге 73,7 миллиард теңге үстемақы төленді. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыз - 19 340 медицина қызметкері, 3,4 миллиард теңге; Сәуір - 42 926 медицина қызметкері, 7,6 миллиард теңге; Мамыр – 40 416 медицина қызметкері, 8,7 миллиард теңге; Маусым-53 160 медицина қызметкері, 12,3 миллиард теңге; Шілде – 78 963 медицина қызметкері, 24,9 миллиард теңге."Қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жүргізеді. Наурыз-тамызда 73,7 миллиард теңге үстемақы төленді. Тамыздың қорытындысы бойынша қор COVID-19, вирустық пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне шамамен 17 миллиард теңге көлемінде үстемақы төлейді", - деді ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, осыған дейін басшы Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталса, дәрігерлерге 91,9 миллиард теңге үстемақы қарастырылғанын айтқан еді.
ӘМСҚ коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлетіні айтылды
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также