ПОДЕЛИТЬСЯ
23 ақпан 2019 | 15:21
Қазақстандық қыз Саратовта пластикалық ота жасатқаннан кейін қайтыс болды
Саратовта пластикалық ота жасатқан Қазақстан азаматшасы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новости Саратова" порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Саратовта пластикалық ота жасатқан Қазақстан азаматшасы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новости Саратова" порталына сілтеме жасап.
Мәліметтер бойынша, денеден майды сорып алу отасы TerraSomnia клиникасында жүргізілген. 39 жастағы әйел жансақтау бөліміне түсіп, кейін көп қаннан көз жұмған.
Бұл клиника тәжірибесіндегі алғашқы өлім емес екен. 2017 жылы ота кезінде Саратовтағы Chelsea фитнес-клубының тең иесі қайтыс болыпты.
РИА Новости тілшісі прокуратура мен тергеу органдары тексеру жұмыстарын бастағанын хабарлады. Саратов облысының прокуратура өкілдері екі жылда екі науқас қайтыс болған клиниканың қызметін тоқтата тұруға талап ететінін жоққа шығармады.
Показать комментарии
Читайте также