ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қаңтар 2022 | 11:21
Қазақстандықтарды ревакциналау: 60 жастан асқандар Pfizer салдыра алады
Қазақстанда 60 жастан асқан азаматтар ревакциналауда Pfizer вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 60 жастан асқан азаматтар ревакциналауда Pfizer вакцинасын салдыра алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халықтың ең осал тобын қорғау үшін ревакциналауға арналған вакциналар қатары кеңейтілді. Осылайша, 60 жастан асқан адамдарға ревакциналау үшін қосымша Комирнати (Pfizer) вакцинасы ұсынылады. Эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына ұжымдарды бөлуге және "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған қосымша шаралары қабылданады", - деді ол Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, омикрон штамы анықталғанын ескере отырып, қосымша алдын алу шаралары енгізіліп, іске асырылып жатыр. Сонымен қатар, ведомство басшысы бүгінде "халықты вакциналау және ревакциналау бағытындағы жұмыс қарқынын арттыру маңызды" екенін айтты.
"Республикада кейінгі аптада вакциналау қарқыны бірнеше есе төмендеді және қаңтардың 10 күнінде вакцина салдырғандардың үлес салмағы желтоқсанмен салыстырғанда 0,2 пайызға ғана артты. Бүгінде 1-компонентін 9,4 миллионнан аса адам алды, бұл - ересектердің 79,2 пайызы, 2-компонентін 8,7 миллионнан аса адам алды, бұл - ересектердің 75,1 пайызы. Жалпы 1-компонентін 49,3 пайыз , 2-компонентін 45,8 пайыз адам алды", - деді Ажар Ғиният.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также