24 қараша 2018 | 14:12

Кофеин жүкті әйелдер үшін зиян - ғалымдар

© kivahan.ru

Кофе мен шайдың жүктілерге қандай зияны бар екені аталды. Кофеин іштегі баланың кішіреюіне алып келеді. Мұны ирландиялық ғалымдар анықтады, - деп хабарлады Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кофе мен шайдың жүктілерге қандай зияны бар екені аталды. Кофеин іштегі баланың кішіреюіне алып келеді. Мұны ирландиялық ғалымдар анықтады, - деп хабарлады Lenta.ru.

Ғалымдардың зерттеу жұмысының нәтижесі American Journal of Clinical Nutrition басылымында жарияланды.

Реклама
Реклама

Мамандар 941 ана мен олардың балаларының мәліметтерін сараптады. Олардың жартысына жуығында (48 пайызында) жүкті әйелдердің ағзасына кофеин шай арқылы түскен, ал қалғандары (38 пайыз) кофе ішкен.

Нәтижесінде ғалымдар мынадай тұжырым жасады: жүктіліктің бірінші үш айында күніне ішілген әрбір артық жүз миллиграмм кофеиннен баланың салмағы 72 граммға азаяды. Сонымен қатар, бойы мен бас шеңберінің ұзындығы, гестациялық жасы (баланың ұрықталған сәттен бастап анасының жатырында болған мерзімі - Lenta.ru) қысқарған.

Кофеинді көп қолданған аналардың баласының салмағы аз қолданғандардың баласынан 170 граммға аз болған. Сонымен қатар, құрамында кофеині бар сусындарды көп ішкен әйелдерде босану кезіндегі асқынулар жиі кездеседі.

Мамандардың айтуынша, күніне 200 миллиграмм норма болып есептеледі. Дегенмен, кофеиннің аз ғана дозасы жатырдағы сәбиге әсер етеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная