ПОДЕЛИТЬСЯ
16 шілде 2020 | 13:08
Коронавирус: 306 науқас ауыр жағдайда жатыр
Коронавирус жұқтырып ауырып қалған 306 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайы ауыр науқастар анестезиология және жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Мұндай науқастардың жалпы саны - 306, жағдайы ауыр - 265 науқас, жағдайы аса ауыр - 41 науқас. Коронавирус жұқтырған 67 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. 133 науқас үшін инвазиялық емес жасанды тыныс алдыру пайдаланылып жатыр. 106 науқас оксигенотерапия қабылдап жатыр, 9 265 науқас өздігінен тыныс алады", - деді Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ онлайн-брифингте.
Еске салайық, бұған дейін комитет төрағасы коронавирус жағдайы бойынша өсімі жоғары аймақтарды атаған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также