Коронавирус әлсіреп жатыр - вирусолог

© pixabay.com

Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. Себебі соңғы зерттеулер коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен. Бұл туралы италиялық вирусолог Массимо Клементидің мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Италиядағы Vita-Salute San Raffaele университетінің проректоры жергілікті дәрігерлердің мамырда ауруханаға түскен науқастарда коронавирустың асқынуын аса байқамағанын айтады.

Клементидің айтуынша, коронавирус осылай әлсіреп жатыр. Сондай-ақ, дәрігер таяуда Лондондағы ғалымдар тобы жүргізген зерттеу туралы айтты. Ғалымдар осыған дейін Қытайда, Еуропада, АҚШ-та тараған вирустарды зерттеп, сараптама жүргізген.

Реклама
Реклама

Осылайша, Италиядағы және Лондондағы ғалымдардың сөзіне қарағанда, вирустың бұл түрі таяуда әлсірейді. Яғни адамдарда респираторлық аурулардың белгілері ғана болуы мүмкін.

Сондай-ақ, дәрігерлер күзде пандемияның екінші толқыны болмайды деп сенім білдіріп отыр. 

COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар өзгелерге вирус жұқтырмайды - ДДҰ

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама