20 желтоқсан 2020 | 11:27

Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды - Алмаз Шарман

Фото: pixabay.com

Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды. Осыған байланысты профессор Алмаз Шарман алматылықтарды COVID-19-дың профилактикалық шараларын күшейтуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус бір айда кемінде екі рет мутацияға ұшырайды. Осыған байланысты профессор Алмаз Шарман алматылықтарды COVID-19-дың профилактикалық шараларын күшейтуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында Қазақстанның Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман эпидемиологиялық ахуалын түсіндірді және коронавирустың ықтимал мутациясы жөніндегі сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бірқатар ұсыныстар айтты.

Реклама
Реклама

"Вирустар үнемі мутацияға ұшырауға бейім, бұл айына кемінде екі рет мутацияланатын коронаврустарға да қатысты. Вирустар жаратылысынан – паразиттер. Олар иесінен, яғни адамнан тыс өмір сүре алмайды. Вирус жұқтырған адам қайтыс болғанда, онымен бірге вирус та жоғалады. Сондықтан иесінің өлімі вирус үшін тиімді емес. Вирус тірі қалып, адаммен бірге өмір сүрі үшін мутацияға ұшырап отырады. Бұл қалыпты эволюциялық процесс", - деп ойын бөлісті.


© Алматы әкімдігі

Оның айтуынша, коронавирус мутациясы жүріп жатыр және ол процесс үнемі болады, нәтижесінде COVID-19-дың маусымдық инфекцияға айналуына әкеледі. Ал вакцинацияның бұл процесті тек жылдамдататынын атап өтті.

Сонымен қатар, профессор профилактикалық шараларды мүлтіксіз сақтау қажеттігін айтты, жалпы ұсыныстармен бөлісті.

"Маска тағу маңызды. Ол ауызды жауып тұратындай дұрыс тағу керек. Адамдар көп баратын орындардан, мерейтойлар, үйлену тойлары, еске алу шараларынан аулақ жүру маңызды. Әсіресе, жабық және аз желдетілетін ғимараттарда өтетін жиындардан сақ болған жөн. Қол гигиенасын сақтап, бөгде адамдардан екі және одан да көп шақырым қашықтықты сақтау қажет", - деді профессор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная