ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2020 | 09:06
Коронавирус: Қазақстанда 108 бала емделіп жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 7 тамызға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі 7 тамызға арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір коронавирус жұқтырған 25 053 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 108 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланды. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.
Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также