ПОДЕЛИТЬСЯ
22 шілде 2020 | 10:45
Коронавирус: Қазақстанда науқасты "емдейтін" ақжелкекке сұраныс артты
Қазақстанда пандемия кезінде ақжелкекке деген сұраныс артты. Себебі оның коронавирус жұқтырған адамдарды емдейтін қасиеті бар деген хабарлама тараған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда пандемия кезінде ақжелкекке деген сұраныс артты. Себебі оның коронавирус жұқтырған адамдарды емдейтін қасиеті бар деген хабарлама тараған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Өскеменде ақжелкек өсіріп отырған саяжай тұрғындары учаскелерін кезектесе қорғап отыр.
"Көп сұрайды. Ақшасын төлейміз, анау-мынау дейді. Енді көршілермен қарауылдап отырмыз, себебі өзімізге де керек. Базарда ол қымбат, сондықтан саяжайлардан ұрлайтын шығар", - деді саяжай иесі Герман Дремов.
Базарда ақжелкектің 100 грамы мың теңгеден және одан да қымбат сатылады. Бірақ қазір тамырды табу қиын.
Ақжелкек - бактерияға қарсы табиғи өнім. Біздің ата-бабаларымыз оны кәдімгі суық тиюден емделу үшін балмен бірге пайдаланған. Онда лимон мен апельсинге қарағанда, аскорбин қышқылы, дәрумендер көп. Бірақ дәрігерлер ақжелкекті шектен тыс пайдалануға болмайтынын айтады. Себебі ішкі органдарды күйдіріп жіберуі мүмкін екен. Коронавирус жұқтырғандарға да аса пайдасын тигізе қоймайды.
Инфекционист дәрігер, № 1 қалалық ауруханада инфекция бөлімінің меңгерушісі Нина Фомичева коронавирус жұқтырғандарды емдейтін 11 хаттаманы жатқа біледі. Маман олардың ешбірінде зімбір де, ақжелкек те жоғын айтады.
"Ақжелкек - бақша өсімдігі және ас мәзірінде пайдалануға болады, бірақ ол емдеуге жарамайды. Егер біз халық медицинасымен немесе тек ақжелкекпен емдесек, онда емдеудің нәтижесі аянышты болар еді", - деді Фомичева.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также