12 тамыз 2020 | 14:11

Коронавирус: Нұр-Сұлтанда орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальден" коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты. Енді госпиталь бұрынғы жұмысын қайта жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальден" коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты. Енді госпиталь бұрынғы жұмысын қайта жалғастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы жылдың 24 маусымында министрліктің бұйрығымен аталған госпиталь провизорлық стационар ретінде қайта бейінделген болатын. Содан бері Covid-19 белгілерінің бар жоғын анықтап, індетке шалдыққан науқастарға толыққанды ем жасап келді.

Реклама
Реклама

Госпитальге 7 аптаның ішінде ковид жұқтырды деген күдікпен 730 науқас келіп түсті. Солардың арасында 335 адамнан вирус анықталып басқа стационарларға ауыстырылды. Қалған науқастардың барлығы аурудан айығып үйлеріне аман-есен жетті. Қуаныштысы, бұл мекемеде өлім-жітім оқиғасы тіркелген жоқ. Науқастардың жас айырмашылығы 18 бен 90.

Бүгін медициналық қызметкерлер соңғы науқасты салтанатты түрде шығарып салды. Көжеков Кенжетай Дүйсенбайұлы 68 жаста. Аурудан құлан таза айығып шыққан қария, өзін өлімнен арашалаған қызметкерлерге шын жүректен алғысын айтып қоштасты.

"Біз 50 күн бойы тәуліктеп тоқтамай жұмыс істедік. Әсіресе, алғашқы кезеңдері қиын болды. Себебі, коронавирустық инфекциямен күресте бұрын тәжірибе болмаған. Орталық қызметкерлері жағдайы нашар науқастармен және байыппен қарауды қажет ететін қариялармен жұмыс істеп тәжірибе жинақтаған. Сол қызмет барысындағы жинаған тәжірибеміз септігін тигізді деп айта аламын. Біздің орталық мамандары аз уақыттың ішінде вирусқа қарсы күресте өте көп дүние үйренді", - деді госпиталь директоры Динара Оразалина.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram