ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2022 | 09:55
Коронавирус өкпеге ену қабілетін жоғалтты - дәрігер
Коронавирус өкпе тініне енбей, негізінен жоғарғы тыныс алу жолдары мүшелеріне әсер етеді. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Роспотребнадзор басшысы, эпидемиолог Анна Попова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вирус үнемі өзгеріп отырады, бұл оның қасиеті <...>. Ол адам ағзасына бейімделетін ең жақсы пішінді іздейді. Ең дұрыс пішінді, ең дұрыс аминқышқыл құрамын іздеу жолында вирус өзінің өкпе тініне ену қабілетін қамтамасыз ететін рецепторлардың бірін жоғалтты", - деді Ресейдің бас санитария дәрігері.
Ол омикрон, негізінен жоғарғы тыныс жолдарында қалып, трахеит, сондай-ақ балаларда бронхит ауруын тудыратынын түсіндірді.
Ол бұрын байқалғандай ауыр ауруды туғызбайды. Дегенмен, кейін қандай асқынулар болатынын білу керек - оның пайда болғанына аз уақыт өтті, деп ескертті ол.
"Бұрынғы нұсқалар ұзақ мерзімді асқынулар тудырғанын көрдік, әртүрлі. Сондықтан бүгінгі басты міндет – ауырмау, ол үшін бәрін жасау", - деді Попова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также