ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2020 | 18:02
Коронавирус Паркинсон ауруын қоздыруы мүмкін - зерттеу
Австралия ғалымдары коронавирус Паркинсон ауруының дамуына түрткі болатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Parkinson ' s Disease журналына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Австралия ғалымдары коронавирус Паркинсон ауруының дамуына түрткі болатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Parkinson ' s Disease журналына сілтеме жасап.
Жаңа зерттеу авторлары COVID-19 нейрондардың қабынуы мен неврологиялық аурулардың дамуына жағдай жасайтынын болжайды.
"Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусының ми мен орталық жүйке жүйесіне қалай енетінін әлі де зерттеп жатыр, бірақ ол жерге жететіні факт. Біз вирустың ми жасушаларына зиян тигізуі мүмкін екенін түсінеміз, бұл нейродегенерацияға әкелуі мүмкін", - дейді нейробиолог Кевин Барнем.
Сонымен қатар, The Lancet-те жарияланған жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, COVID-19 инфекциясы анықталған ер адамға көп ұзамай Паркинсон диагнозы қойылған.
Науқас Израильдегі Ашдод қаласының 45 жастағы тұрғыны. Ол Самсон Ассута Ашдод университетінің ауруханасына иіс сезбеу, құрғақ жөтел және бұлшықет ауруы сияқты COVID-19 белгілерімен ауруханаға түскен. Коронавирус оң нәтиже көрсеткеннен кейін, ер адам сауыққанша үш апта клиникада жатқан. Кейінірек ол ауызша да, жазбаша да қарым-қатынаста қиындыққа тап болып, тремор мен жүрудің бұзылуы белгілері байқалған.
Кей сарапшының пікірінше, науқаста Паркинсон ауруы жасырын болған, ал коронавирус оның дамуын жеделдеткен.
Паркинсон - баяу дамитын созылмалы неврологиялық ауру, нәтижесінде ми жасушалары зақымданады. Әдетте оған ересек адамдар шалдығады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также