ПОДЕЛИТЬСЯ
17 желтоқсан 2020 | 11:28
Коронавирус тұмауға қарағанда қауіпті - зерттеу
Сент-Листегі Вашингтон университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусы тұмауға қарағанда қауіпті екенін дәлелдеді. Бұл туралы British Medical Journal басылымында жарияланған мақалада айтылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сент-Листегі Вашингтон университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусы тұмауға қарағанда қауіпті екенін дәлелдеді. Бұл туралы British Medical Journal басылымында жарияланған мақалада айтылды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Зерттеушілер 2020 жылдың 1 ақпаны мен 17 маусымы аралығында АҚШ ауруханаларына коронавирус жұқтырып түскен 3641 науқас пен 2017 жылдың 1 қаңтары мен 2019 жылдың 31 желтоқсаны аралығында тұмау жұқтырып түскен 12 676 науқасты зерттеген. COVID-19 және тұмау жұқтырып түскен науқастардың орташа жасы - 69.
Коронавирус инфекциясы анықталған науқаста тұмау жұқтырған науқасқа қарағанда ауруханаға жатқызу, жасанды желдету және қарқынды терапия қажет болатын асқынулар тудыратыны белгілі болды. Коронавирус жұқтырып түскен науқастар ауруханада ұзағырақ жатады және өлім деңгейі бес есе жоғары. Тұмау жұқтырған 12 676 адамның 674-і (5,3 пайызы) қайтыс болған, ал COVID-19 анықталған 3641 науқастың 676-сы (18,5 пайызы) қайтыс болған.
Екі аурудың белгілері ұқсас болғанына қарамастан SARS-CoV-2 тек дем алу жүйесін емес, сондай-ақ басқа да органдарға зақым тигізеді. Инфекция бауыр мен бүйректің зақымдалуына, жүрек-тамыр ауруларына, инсультқа, ауыр септикалық шокқа, қан қысымын төмендетуге, қанның ұюына және белгісіз типтегі қант диабетіне ықпал етеді. Кейбір науқаста қандағы қант деңгейі күрт көтеріліп, оларға инсулин қажет болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также