28 қазан 2020 | 07:20

Коронавирусқа иммунитет айыққаннан кейін жойылады

Коронавирусқа антиденені зерттеу аяқталды. Нәтижесінде COVID-19-ға иммунитет жазылғаннан кейін бірден жойылатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі hightech.fm-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа антиденені зерттеу аяқталды. Нәтижесінде COVID-19-ға иммунитет жазылғаннан кейін бірден жойылатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі hightech.fm-ге сілтеме жасап.

REACT (Real Time Assessment of Community Transmission) зерттеуіне түрлі жастағы кездейсоқ таңдалған 365 адам қатысты. Олар үйінде саусағынан қан алу арқылы SARS-CoV-2 коронавирусына антиденені анықтау үшін үш рет экспресс-тест жасады.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде ғалымдар шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін антиденесі бар адамдар 26 пайызға азайғанын анықтады.

Әсіресе симптомсыз ауырып шыққан және егде жастағы адамдарда антидене тез жойылғаны белгілі болды. Тек антидене 75 жас және одан жоғарыға қарағанда 18-24 жас аралығындағы адамдарда ұзағырақ сақталған. 

Кей ғалым ұжымдық иммунитетті қатаң карантиннің орнына қолданайық деген ұсыныс жасаған болатын. Бұған сәйкес вирус жұқпауы үшін тұрғындардың 50-60 пайызында вирустан иммунитет болуы керек.

Алайда антиденелердің оң нәтижесі коронавирусқа қарсы иммунитеттің ұзақ сақталмайтынын және ауырған адаммен байланыс жасағанда жұғу қаупі жоғары екенін көрсетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная