25 желтоқсан 2020 10:26

"Коронавирусқа қарсы вакцина АИТВ және безгек тудырады". Желіде тағы бір фейк тарады

© REUTERS

Telegram-да коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамы туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды StopFake.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram-да коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамы туралы хабарламалар тарап жатыр, - деп хабарлайды StopFake.kz

Хабарламада вакцинаның құрамында АИТВ және безгек қоздырғыштарының "ДНҚ тізбегі" және бірқатар зиян зат бар екені айтылады. Бірақ бұл "жиынтық" қай вакцинадан табылғаны белгісіз.

Реклама
Реклама

"Хабарламада Мәскеу туралы айтылған және Ресей Федерациясы астанасында күніне шамамен 30 мың адам коронавирусқа қарсы екпе салдырады екен. Бұл олай емес. Біріншіден, бұл ауруға қарсы жаппай вакцинациялау 5 желтоқсанда ғана басталды. 10 желтоқсанда екпе жасатқысы келетіндердің жалпы саны 20 мың адамға жетті.

Бұдан әрі мәтінде AstraZeneca компаниясының өнімі болып саналатын және Мәскеуге қатысы жоқ ChAdOx1 N-CoV-19 вакцинасы туралы айтылады. Біріншіден, Ресейдің шетелдік препаратты сатып алу жайлы жариялағаны туралы еш жерде хабарланған жоқ. Екіншіден, бұл вакцина әлі сатылымда жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, AstraZeneca вакцинасының толық құрамы еш жерде жарияланған жоқ, сондықтан препараттың ингредиенттері туралы барлық хабарлама шындыққа жанасады деп санауға болмайды.

"Препараттың Chadox1 аденовирусына негізделгені белгілі, ол ауруды шимпанзеге жұқтыра алады және адам ағзасында дамымайтындай генетикалық модификацияланды. Генетикалық материал Spike (s) гликопротеин деп аталатын SARS-CoV-2 коронавирус ақуыздарын шығару үшін қолданылатын ChAdOx1 конструкциясына қосты.

Бұл иммундық жүйеге SARS-CoV-2 вирусына антиденелерді тануға және дамытуға мүмкіндік береді.

Бірақ вакцинаның өткен клиникалық сынақтары туралы толық есептер бар. Оларда екпе салдарынан еріктілерде АИТВ, безгек немесе басқа да ауыр аурулар туындады деп жазылмаған. Керісінше, алынған мәліметтер препараттың тиімділігінің жоғары екенін көрсетеді", - деп жазады басылым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram