23 сәуір 2020 | 10:31

Коронавирустан қайтыс болғандардың денесін зерттеу қорытындысы шықты

Фото: © Reuters

Германия және Швейцариядағы зерттеушілер коронавирустан қайтыс болған адамдардың денесін зерттеу қорытындысын жариялады. Бұл туралы Süddeutsche Zeitung басылымында жарияланған мақалада жазылған, - деп хабарлайды Inopressa

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германия және Швейцариядағы зерттеушілер коронавирустан қайтыс болған адамдардың денесін зерттеу қорытындысын жариялады. Бұл туралы Süddeutsche Zeitung басылымында жарияланған мақалада жазылған, - деп хабарлайды Inopressa

Басылымның хабарлауынша, Роберт Кох атындағы институт коронавирустан қайтыс болған адамдардың денесін тілмеуге кеңес береді. Себебі олар дәрігерлерге коронавирус жұғып қалуы мүмкін деп қауіптенген екен. Бірақ ғалымдар зерттеу жүргізіп, алғашқы қорытындысын жариялады.

Реклама
Реклама

Университеттің Базель госпиталінде COVID-19 салдарынан қайтыс болған 20 науқастың денесіне зерттеу жасалған.

"Барлық тексеруде гипертония (жоғары қан қысымы) болды. Сондай-ақ науқастардың көбінде семіздік, яғни оларда айтарлықтай артық салмақ болды", - деді профессор Александр Цанков.

Қайтыс болғандардың көбі ер адамдар екен. Науқастардың 2/3 бөлігінде қан тамыры нашарлаған, ал үштен бір бөлігі диабетпен ауырған.

"Науқастардың арасында өкпесі қабынғандар аз. Сондай-ақ, микроскоп арқылы тыныс алудың микроайналым жолдары қатты зардап шеккенін көрдік", - деді Цанков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная