ПОДЕЛИТЬСЯ
28 ақпан 2020 | 12:18
Коронавирусты жарты жылда жеңудің жолдары айтылды
Шанхайлық маман жарты жылда коронавирусты жеңудің жолдары айтты, - деп хабарлайды China Daily.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шанхайлық маман жарты жылда коронавирусты жеңудің жолдары айтты, - деп хабарлайды China Daily.
Шанхайда 25 миллион адам тұрады, алайда 26 ақпандағы мәліметтерге сәйкес, мұнда вирусты тек 337 адам жұқтырған. Аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі қалалық сарапшылар тобының жетекшісі Чжан Венхун бұл көрсеткіш болжамдардан әлдеқайда аз екенін атап өтті.
Оның айтуынша, коронавирустың алдын алу және таралуын тоқтатуға байланысты шаралар Шанхайдағы ауруханалардан сауығып кеткендердің және шығарылғандардың саны 80 пайыздан асқанына әсер етті. Ал өлім-жітім деңгейі бір пайыздан аз.
"Шанхай СОVID-19 вирусымен күресуде баға жетпес тәжірибе алды, осыған сүйене отырып, індеттің жаһандық таралуын алты айда бақылауға алуға болады", - деді Чжан Венхун.
Оның айтуынша, алдымен коронавирус ауруы тіркелген аймақтардан қалаға келген әрбір адамға 14 күндік карантин жариялау керек.
"Екіншісі - адамдар көп жиналатын барлық қоғамдық орындарды дереу жабу. Бұдан әрі вирус табылған қалаларда тек COVID-19 симптомдарын анықтайтын ауруханалар ашу қажет", - деді Чжан Шанхай тәжірибесін бөлісіп.
Ол осындай алдын алу шаралары көмегімен бес айда вирус жұқтырғандардың санын нөлге дейін қысқартуға болатынын айтты. Ал тағы бір-екі айдан кейін қала тұрғындары маскаларын шешіп тастай алады.
Показать комментарии
Читайте также