09 қараша 2020 | 11:39

Коронавирустың ауыр формасын жұқтырудың тағы бір себебі аталды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлыбританиялық ғалымдар ағзада D дәрумені жеткіліксіз болса, COVID-19 жұқтырған науқастың жағдайы ауырлауы мүмкін екенін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық ғалымдар ағзада D дәрумені жеткіліксіз болса, COVID-19 жұқтырған науқастың жағдайы ауырлауы мүмкін екенін анықтады, - деп хабарлайды РИА Новости

Дәрігерлер тобы коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың статистикасын зерттеді және аурудың ауыр өтуі мен науқастардың тұратын жері арасындағы байланысын анықтады. Сөйтсе D дәруменінің маусымдық жетіспеушілігі болатын аймақтарда коронавирус жұқтырғандар ауруды қиын өткерген.

Реклама
Реклама

"D дәруменінің жетіспеушілігі коронавирус жұқтырған науқастың жағдайы ауырлау қаупіне себеп факторды бола алады", - деді дәрігер Гаррет Дэвис.

Сондай-ақ оның айтуынша, толық зерттеу үшін бір жылдық тұтас цикл керек. Ал коронавирус эпидемиясының басталғанына әлі 365 күн болған жоқ.

Зерттеушілер D дәруменінің ағзаға қажеттілігін атап өтті және ол ағзаға коронавирустың енбеуіне тосқауыл болып, қорғайтынын айтады.

Дэвис D дәрумені жеткілікті болса, бақылауға қиын болатын қабынумен күресу оңай болатынын да айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная