18 мамыр 2021 | 09:08

Коронавирустың ерекше симптомы анықталды

© Reuters

Үндістанның Бангалор қаласында (Карнатака штаты) жергілікті дәрігерлер SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа симптомын анықтады, - деп хабарлайды Outlook.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның Бангалор қаласында (Карнатака штаты) жергілікті дәрігерлер SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа симптомын анықтады, - деп хабарлайды Outlook.

Үндістандық мамандардың пікірінше, коронавирус белгілері қатарына ауыздың қатты құрғап қалуын да қосуға болады. Олар тілдің тітіркенуі, қышуы, сондай-ақ ауыруына көңіл бөлуге шақырды. Мамандардың айтуынша, сирек жағдайларда науқастың аузына жара шығуы мүмкін. Бірақ науқастардың дене қызуы көтерілмей, тек әлсіздік болуы ықтимал.

Доктор Саттур 55 жастағы науқастың жағдайын сипаттады, оның температурасы көтерілмегенімен, аузы қатты құрғап, конъюнктивит шыққан, әлсіреп қала беретінін айтқан. Кейін ер адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылыпты.

Реклама
Реклама

Дәрігер ауыз құрғап, әлсіздік болса, кез келген адам COVID-19 бар-жоғына тексерілуі керегін баса айтты.

Дәрігерлер COVID-19 жаңа симптомының пайда болуы инфекцияның жаңа түрлерінің - "ұлыбританиялық", "бразилиялық" немесе "үндістандық" мутацияның таралуына байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная