29 ақпан 2020 13:35

ҚР үкіметінің коронавирус бойынша отырысы: министрлік ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде ҚР Үкіметінде коронавирус бойынша шұғыл отырыс өтті деген ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде ҚР Үкіметінде коронавирус бойынша шұғыл отырыс өтті деген ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таралып жатқан ақпаратта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус таралып жатқанын жоққа шығармайды делінген, сондай-ақ оқушылар мен студенттерді демалысқа жіберу, қоғамдық шаралардан бас тарту, қоғамдық көліктер тексеріліп, 2 наурыздан бастап мемлекеттік органдар қатаң режимге көшетіні айтылған. 

Реклама
Реклама

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. 

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР аумағында коронавирус инфекцияның келуі мен таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттық жазбаларға сенбеуді және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз. Барлық нақты ақпаратты Сіз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми сайтынан және ДСМ Facebook және Комитеттің парақшаларынан ала аласыз", - деді ведомство өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram