02 қазан 2022 | 11:42

Құлақ не үшін шыңылдайды?

pexels.com

Отоларинголог, жоғары категориялы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев URA.RU басылымына берген сұхбатында құлақ неліктен шыңылдайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Отоларинголог, жоғары категориялы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев URA.RU басылымына берген сұхбатында құлақ неліктен шыңылдайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, құлақ тинитус яғни өзіндік симптом ретінде немесе қандай да бір аурудың белгісін білдіруі мүмкін. 

"Бұл ішкі құлақтың аурулары болуы мүмкін. Мысалы, сенсорлық есту қабілетінің жоғалуы, есту жүйесінің қабынуы. Ол жиі кездеседі", - дейді маман.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, құлақтың шыңылдауы өткізгіш есту қабілетінің жоғалуынан зардап шегетін адамдарда байқалуы мүмкін.

"Ол көбіне әйелдерге қатысты. Сондай-ақ күкірт тығынымен байланысты. Ол ұзақ уақыт құлақ арнасында болған кезде, ол қолайсыздық тудырады және шыңылдауға айналатын шу байқалады", - дейді отоларинголог.

Зайцевтің сөзінше, құлақ артериялық дене қысымы кезінде де шыңылдауы мүмкін. 

"Қысым азая бастаған кезде бастапқыда шу пайда болады, артынша ол шыңылдауға ұласады", - деп түсіндірді дәрігер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная