12 шілде 2020 | 11:28

Күн ыстықта кофе ішудің қаупі айтылды

Фото: pixabay

Күн ыстықта ағзаға зиян келтірмеу үшін кофені шектеу керек. Бұл туралы дәрігер-терапевт, иммунолог, аллерголог Ирина Ярцева айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Күн ыстықта ағзаға зиян келтірмеу үшін кофені шектеу керек. Бұл туралы дәрігер-терапевт, иммунолог, аллерголог Ирина Ярцева айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, көбі сергектік үшін бір шыны кофе ішуді әдетке айналдырған. Алайда көп мөлшерде бұл сусын ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін, бұл әсіресе күн ыстықта өте қауіпті.

Реклама
Реклама

"Физикалық жүктеме кезінде  термен бірге көп сұйықтық шығады, ал ыстықта одан да көп жоғалады. Сондықтан кофені қалыпты мөлшерде ішу керек және одан да көп сұйықтық ішу керек. Егер адамда несеп-тас аурулары болса, сүзудің бұзылуына байланысты бүйрек зақымдануы болса, мұндай адамдарға күніне бір шыныаяқ кофе ұсынылмайды", - деп Sputnik радиосынан кеңес берді дәрігер-терапевт.

Дәрігердің айтуынша, суық және ыстық кофе арасында айырмашылық жоқ.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная