02 қазан 2018 | 09:53

Күнделікті бас жуудың қаупі аталды

Дакота Джонсонмен және апалы-сіңілі Мэри-Кейт пен Эшли Олсенмен жұмыс істеген танымал стилист Марк Таунсенд күнделікті бас жуудың зиянын айтты. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Дакота Джонсонмен және апалы-сіңілі Мэри-Кейт пен Эшли Олсенмен жұмыс істеген танымал стилист Марк Таунсенд күнделікті бас жуудың зиянын айтты. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазады.

Жасаған бірнеше процедурадан кейін шаш әдемі көрінгенімен оған қатты зақым келеді. "Шашты жиі жуу тері астындағы майдың аса қатты бөлінуіне және түсуіне әкеп соқтырады", - деп түсіндірді ол. 

Реклама
Реклама


Марк Таунсенд

"Шашыңызды қаншалықты жиі жусаңыз, соншалықты оны кептіріп, ұшталуына жол бересіз", - деді Таунсенд.

Сондай-ақ шаштараз шаштың табиғи майы оны емдеп, ешқандай кондиционерсіз табиғи жолмен ылғалдануына септігін тигізетінін айтты. "Оны табиғи кондиционер ретінде қабылдап көріңіз", - деп кеңес берді ол.  

Қыркүйек айында тағы бір танымал шаштараз Люк Хершесон әйелдерге шаш кептіру кезінде тарақтан бас тартуға кеңес берген. Оның ойынша, шаш дымқыл болып тұрған кезде қолданған тарақ оның еселеп түсуіне септігін тигізеді. Сондықтан шаш үлгісін тарақпен сәндеуге асықпас бұрын, оны қолмен кептіріп алғаныңыз абзал деп жазады Lenta.ru.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная