Күндіз 40 минуттан артық ұйықтау денсаулыққа зиян - дәрігерлер

Күндізгі уақытта 40 минуттан артық ұйықтау адам денсаулығына зиян әкеледі. Мұндай пікірді АҚШ дәрігерлері зерттеу жұмыстарының нәтижесінде айтып отыр, - деп хабарлайды Лента.Ru.

Мамандардың пікірінше, күндізгі ұйқы зат алмасумен байланысты аурулардың асқынып, қан қысымының жоғарылауына, холестерин мен май ұлпаларының, қандағы қант мөлшерінің көбеюіне әкеледі.

Сонымен қатар, дәрігерлер күні бойы шаршап жүрудің де зат алмасуға кері әсер ететінін жеткізді. Мамандар күндізгі уақытта 40 минут ұйықтап алу дұрыс деп есептейді. Ал 1,5 сағаттық ұйқы метоболизмдік синдромды 50 пайызға ұлғайтады екен. Ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күндізгі ұйқының семіздік ауруына шалдықтыратыны да анықталды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар күндізгі уақытта 2 сағаттан артық ұйықтау жүрек-қан тамырлары ауруларының асқыну қаупін 82 пайызға арттыратынан анықтаған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама