13 қазан 2021 | 17:38

Қытай COVID-19-дың шығу тегін анықтауға кірісті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
©REUTERS

Қытай ғалымдары коронавирустың шыққан тегін анықтау үшін Ухань тұрғындарынан жиналған ондаған мың қан үлгілерін зерттейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тhе Mainichi сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай ғалымдары коронавирустың шыққан тегін анықтау үшін Ухань тұрғындарынан жиналған ондаған мың қан үлгілерін зерттейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тhе Mainichi сайтына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы баяндамасында қаңтар мен ақпанда Қытайдың орталық қаласына барып, аурудың алғашқы кезеңінде жиналған қан үлгілерінің вирусқа қарсы антиденелері бар-жоғын анықтауға шақырды.

Баяндамада Уханьдағы қан орталығында 200 мыңға дейін қан үлгісі, оның ішінде 2019 жылы қазан мен қарашадағы адамдар вирусты алғаш жұқтырған кезде алынған үлгілер бар екені айтылды.

Реклама
Реклама

Елдің Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ресми өкілі тестілеу қан үлгілерінің сақталу мерзіміне екі жыл өткеннен кейін жүргізілетінін айтты. Сарапшылар бұл қан үлгілері арқылы маңызды мәліметтер алынады деп болжайды.

Ең алғаш анықталған инфекция 2019 жылы 8 желтоқсанда тіркелген, бірақ ғалымдар коронавирус адамдар арасында қазан мен қарашада таралды деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная