ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қаңтар 2020 | 10:57
Қытайда өршіп тұрған қауіпті індеттен бір адам қаза тапты
Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрімен ауырған науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрімен ауырған науқас қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Коронавирустың жаңа типіне шалдыққан 41 жағдай тіркелді, оның екеуі ауруханадан шығарылды, жетеуі ауыр халде жатыр, бір адам қаза тапты, қалғандарының жағдайы тұрақты", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған 739 адам, оның 419-ы дәрігерлер медициналық бақылауда жатыр, олардың ауру жұқтыру симптомдары анықталған жоқ.
Айта кетейік, 2019 жылдың соңында жергілікті билік өкілдері Қытайдаың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында шығу тегі белгісіз індет тарап жатқанын айтты.
Қытайда шығу тегі белгісіз індет тарап жатыр: қазақстандықтарға ескерту жасалды
9 қаңтарда мамандар індетті зерттеу үшін арнайы сараптамалар мен зерттеулер жүргізген. Енді сарапшылар әрі қарай эпидемиологиялық зерттеулердің қажет екенін айтады. Осылайша, олар "вирусты пневмонияға" коронавирустың жаңа түрінің cебепші болғанын айтып отыр.
Қытайда өршіп тұрған қауіпті індет. Бүгінге дейін не белгілі?
Показать комментарии
Читайте также