Қытайдан эвакуацияланған 217 қазақстандық карантиннен шығарылады

© Тұрар Қазанғапов

11 ақпанда Қытайдан эвакуацияланған 217 қазақстандық 13 ақпанда ауруханадан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

11 ақпанда Қытайдан эвакуацияланған 217 қазақстандық 13 ақпанда ауруханадан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"11 ақпанда Қытайдың 36 қаласынан эвакуацияланған 217 азаматымыз үш күндік тексеруден кейін жазылып шықты. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Сараптамалардан ештеңе табылған жоқ. Ухан қаласынан эвакуацияланған біздің студенттер осы жексенбіде карантиннен шығады. Дүйсенбі, 17 ақпанда біз БАҚ-ты карантин туралы егжей-тегжейлі баяндайтын бірнеше студентпен кездесуге шақырамыз", - деді Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтандағы брифингіде.

Сондай-ақ Диас Ахметшәріп Қазақстанға ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге келгенін айтты. ДДҰ-ның Үкіметпен ынтымақтастығының, соның ішінде жаңа коронавируспен күрес мәселелері бойынша бірқатар мәселелері талқыланып жатыр. Ол жоғары деңгейде бірқатар кездесу өткізеді.

11 ақпанда 217 азамат Нұр-Сұлтанға, ал 13 ақпанда 211 жолаушы Алматыға ұшып келді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама