21 тамыз 2020 09:31

Қытайлық маман коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чжун Наньшань © Xinhua Чжун Наньшань © Xinhua

Қытайдың белгілі эпидемиологы Чжун Наньшань коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға оң баға беріп, Ресейді препаратты тіркеуден өткізуімен құттықтады. Сарапшы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу сәтті өтетіне сенімді екенін жеткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қытайдың белгілі эпидемиологы Чжун Наньшань коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаға оң баға беріп, Ресейді препаратты тіркеуден өткізуімен құттықтады. Сарапшы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу сәтті өтетіне сенімді екенін жеткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Чжун Наньшань Н.Ф.Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиологияны зерттеудің ұлттық орталығы әзірлеген препаратты мемлекеттік тіркеудің аяқталуымен елімізді құттықтады", - делінген Ресейдің Бейжіңдегі елшілігінің хабарламасында. 

Қытайлық сарапшы "ресейлік аденовирус вакцинасы қауіпсіз екенін және ол клиникалық сынақтан сәтті өтетініне сенімді екенін" жеткізген. 

Сонымен қатар, сарапшы ресейлік және қытайлық мамандар коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге байланысты ғылыми аспекттер бойынша серіктестік орнатқанын айтты. 

Ресейлік вакцина туралы не белгілі және ол қаншалықты сенімді?

Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың алдын алуға арналған бірінші вакцинаны тіркеуден өткізгені белгілі болды. Оған "Спутник V" атауы берілген. Ресейден аталған вакцинаның миллиард дозасын жеткізу үшін 20-дан аса елден өтініш түскен. 

Гамалеи атындағы институт өкілдері Ресейде жаппай вакцинациялау 2020 жылдың қазанында басталатынын мәлімдеді. Вакцинациямен қатар оны клиникалық сынақтан өткізудің үшінші фазасы жүргізіледі. Оған жалпы 40 мыңдай адам қатысады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети