15 наурыз 2014 21:47

Қызылордада ісік ауруы жасушаларын жоятын сусындар өндіріледі

Фото wordpress.com сайтынан алынды

Қызылордада пияздан ісік ауруы жасушаларын жоюға қабілетті сусындар шағарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Қызылордада облыс әкімшілігі мен оңтүстік кореялық екі компания арасында бірнеше ірі жобаларды іске асыратын, оның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып пияздан сусындар өндіру туралы меморандумға қол қойылды. "Біздің зерттеуіміз нанотехнологияны қолдана отырып жасалатын пияз сусындары 70 пайызға дейін ісік ауруы жасушаларын өлтіретіндігін дәлелдеді. Біз Қазақстанда тұңғыш рет бұл жобаны Қызылорда жерінде іске асыратындығымызға өте қуаныштымыз. Жобаны іске асыру үшін Қызылорда облысымен бірге Шығыс Қазақстан облысы да қызығушылық танытқан еді. Бірақ, бізге Қызылорданың климатты шикізатты өсіруге қолайлы болып көрінді", - деді кореялық компанияның басқарма төрағасы Саймон Ким. Сондай-ақ, ол Қазақстанмен 25 жыл жемісті әріптес болып келе жатқанын айтты. "Мен сіздердің елдеріңіз өркендеп өсіп келе жатқанына өте қуаныштымын. Біз қазақстандықтарға заманауи технологияларды қуана ұсынамыз. Көптеген елдер біздің компаниямен тығыз жұмыс істегісі келген. Бірақ, біз Қазақстанды таңдап отырмыз", - дейді Саймон Ким.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram