13 наурыз 2019 | 10:07

Ластанған ауа өлімнің басты себебі екені анықталды

Германияда Макс Планк атындағы химия институтының зерттеушілері ауаның ластануы заманауи адамдардың денсаулығына әсер ететін ең қауіпті фактор екенін анықтады. Олардың дәлелі European Heart Journal журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МедикФорумға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Германияда Макс Планк атындағы химия институтының зерттеушілері ауаның ластануы заманауи адамдардың денсаулығына әсер ететін ең қауіпті фактор екенін анықтады. Олардың дәлелі European Heart Journal журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МедикФорумға сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, жыл сайын ластанған ауаны жұту салдарынан қайтыс болған адамдар саны темекі шегіп көз жұмғандардан көбірек. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын осы фактордың салдарынан ауруға ұшырап, өмірден өтетін адамдар саны 8,8 миллионға жуық.

Реклама
Реклама

"Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, жылына 7,2 миллион адам темекі шегу салдарынан қайтыс болады. Осылайша, ауаның ластануы бүгінде заманауи адамдардың өміріне қауіп төндіретін басты фактор болып тұр", - дейді зерттеушілер.

Ғалымдар ластанған ауаның әсеріне байланысты Еуропада адам өмірінің орташа ұзақтығы екі жылға қысқарғанын мәлім етті. Зерттеу нәтижесі бойынша, ластанған ауа әлі дүниеге келмеген сәбидің де денсаулығына кері ықпалын тигізеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная