Маскадан сенімдірек: дәрігер коронавирустан қорғанудың ең жақсы әдісін атады

Фото: © РИА Новости

Украиналық вирусолог Вадим Аристов COVID-19-дан сенімді қорғайтын құралды атады. Бұл туралы ол "Украина 24" телеарнасының тікелей эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украиналық вирусолог Вадим Аристов COVID-19-дан сенімді қорғайтын құралды атады. Бұл туралы ол "Украина 24" телеарнасының тікелей эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аристовтың айтуынша, респираторлар коронавирустан қорғауда тиімдірек және қазір бұл құрал қолжетімді.

"Әңгіме маскалар туралы емес, респираторлар туралы болуы керек, өйткені күтпеген жерден іздеу немесе экономикалық жетіспеушілік дегендер артта қалды. Қазір тыныс жолдарының инфекциясынан дұрыс қорғану керек", - деді дәрігер.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, респираторлар қарапайым медициналық маскаларға қарағанда коронавирустан 12 есе жақсы қорғайды.

"Респираторлар медициналық маскаларға қарағанда 8-12 есе жақсы қорғайтыны белгілі. Өйткені олар тығыз орналасады, толық контур жасайды және вирус қалың қорғаныш арқылы сүзіледі. Маскалар тек вирустың алдыңғы жақтан келуінен қорғайды, ал оның үсті, екі жағы ашық", - деп түсіндірді Вадим Аристов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама