ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2021 | 12:46
Мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен қымбат баға - сенатор пікір білдірді
Сенатор Андрей Лукин Қазақстанда дәрі-дәрмек сатып алуда жіберілген миллиардтаған заңбұзушылық туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сенатор Андрей Лукин Қазақстанда дәрі-дәрмек сатып алуда жіберілген миллиардтаған заңбұзушылық туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттың айтуынша, "СҚ-Фармация" ЖШС, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша Ұлттық сараптама орталығы, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы азаматтарда сұрақ туындатып отыр.
"Бақылаушы органдардың мәліметі бойынша, Министрлік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған шығыстарды бюджеттік өтінім негізінде жоспарлады, онда пациенттер бойынша сандық көрсеткіштер болмаған немесе жоғары болған. 2020 жылы 39 нозологияға 65,9 миллиард теңге тиімсіз жұмсалды. Бұған алты нозология бойынша 26 миллиард теңге мөлшерінде толық қаржыландырылмау аясында жол берілген. "СҚ-Фармация" ЖШС сақтау қоймаларында 2019-2020 жылдары 159 миллион теңгеге сатып алынған препараттар бар, олардың жарамдылық мерзімі өткен, демек жарамсыз", - деп хабарлады Лукин Сенат отырысында.
Оның айтуынша, министрлік ұлттық орталықтың есептеулері негізінде, сондай-ақ, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 76-бабына қарамастан, препараттарға шекті бағаларды көтерген. Нәтижесінде, сенатордың айтуынша, дәрі-дәрмектер өз құнынан 1,5 миллиард теңге қымбатқа сатып алынған.
"Бұл жағдай нарықта дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды келісімді түрде жоғары бағамен жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, уәкілетті орган "СҚ-Фармация" ЖШС-де 9 миллиард теңгеге вакциналарды мемлекеттік сатып алу кезінде Кәсіпкерлік кодекстің 169-бабында тыйым салынған картель белгілерін анықтады. Құны 14,4 миллиард теңге болатын, клиникалық тиімділігі дәлелденген 16 препарат сатып алынды. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2020 жылға арналған бірыңғай дистрибьютерлер тізіміне бағасы 1,8 миллиард теңгеге көтерілген, 48 дәрілік зат атауына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", - деді Андрей Лукин.
Депутат Денсаулық сақтау министрлігінен мына бағыт бойынша толық ақпарат беруді сұрады:
- бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен фармацевтикалық қызметтерді жеткізушілер арасында бәсекелестікке қарсы келісімдер жасау тәуекелдерін жоюға бағытталған №1729 ережеге өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу мүмкіндігі туралы;
- пациенттер туралы ақпаратты дұрыс есепке тұру үшін ақпараттық жүйелердегі өзектілігі мен сенімділігін қамтамасыз ету туралы;
- төтенше жағдайлардың салдарын болдырмау немесе жою үшін нақты препараттың импортын негіздеу қажеттілігін көздейтін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу ережесіне қосымша енгізу туралы;
- Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындау кезінде медициналық ұйымдар үшін бірыңғай дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті айқындау ережелерін әзірлеу, бекіту туралы, іс-қимылдардың кезеңдік алгоритмі мен оның қалыптасуының барлық кезеңіндегі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также