ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2020 | 13:16
Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға үндеу жасады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан және іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтардан дәрігермен байланысып, емханаға қаралуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы 14 күнде Қытай Халық Республикасынан және соған іргелес мемлекеттерден келген қазақстандықтарға өзінің емханасына келіп не хабарласып, қандай да бір ауруға шалдыққан болса өз дәрігеріне тіркеуге тұру керегін айтқым келеді. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасап отырған шара, біздің медициналық мамандар бақылау жүргізуі үшін. Денсаулық нашарлаған жағдайда, біз шара қолданып, сізді және отбасыңыздың мүшелерін қауіпсіз етуіміз керек. Біз сіздерге әрдайым хабарласа бере алмаймыз", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Осыған дейін Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылғаны туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
Показать комментарии
Читайте также