ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2020 | 17:40
Министрлік шұғыл түрде 3 миллионнан аса маска сатып алып жатыр
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі дереу 3 миллионнан аса түрлі медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі дереу 3 миллионнан аса түрлі медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бекшиннің сөзінше, ел ауруханаларында қажетті дәрі-дәрмек пен қорғаныс құралдары жеткілікті.
"Ауруханаларға әртүрлі медициналық маскаларды дереу сатып алып жатырмыз - 2,5 миллион қарапайым медициналық маска, 1,3 миллион респираторлық маска, бір реттік және кәсіби костюмдер, сондай-ақ диагностикалық аппаратураның шығын материалдары. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула мен қашықтықтағы термометрия үшін қосымша 33 жылуға ден қойғыш құрал сатып алынады", - деді Бекшин.
Оның айтуынша, министрлік дәке таңғыштарды жаппай өндіру үшін отандық өндірушілерге өтініш жасаған.
"Екіншіден, ЖРВИ симптомдарын анықтау үшін түрлі диагностика амалдары бар. Оның үстіне, ДДСҰ-мен келістік, алып тастау әдісі бойынша істеп жатырмыз. Егер тұмау мен ЖРВИ анықталмаса, әрі қарай диагностикадан өткізу үшін анализдерді ДДСҰ орталықтарына жібереміз, сондай-ақ сынамаларды диагностикадан өткізу үшін Ресейге жіберу туралы келісім бар", - деді елдің бас санитар дәрігері.
Показать комментарии
Читайте также