04 қараша 2020 | 09:34

Нарколог коронавирус кезінде алкоголь ішудің қаупін айтты

© unsplash.com

Ресейлік нарколог Руслан Исаев коронавирус кезінде алкоголь ішудің қаупін айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік нарколог Руслан Исаев коронавирус кезінде алкоголь ішудің қаупін айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости

Наркологтың айтуынша, коронавирус инфекциясының асқыну-асқынбауы адам ағзасына байланысты. Алкоголь иммунитетті әлсіретеді, сондықтан ішімдік ішкен адамда коронавирус асқынуы мүмкін, дейді дәрігер.

Реклама
Реклама

"Егер адам коронавирустың жеңіл түрімен ауырса, ол ауру асқынып, коронавирустың ауыр формасына өтуі мүмкін. Біз мұны нақты айта аламыз. Ауырған кезде алкоголь ішу ауруды асқындырып қана қоймай, оның салдарын күшейтуі мүмкін", - дейді нарколог.

Бұдан бөлек, дәрігер алкогольмен бірге дәрі қабылдау өте қауіпті екенін ескертеді. Оның айтуынша, алкоголь ішкен соң антибиотиктер қабылдау ағзаға кері әсерін тигізеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная