ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2021 | 15:19
Науқастың қаншалық жұқпалы екенін анықтайтын COVID-19 сынамасы жасалды
Роспотребнадзор эпидемиология орталығы қызметкерлері организмдегі коронавирус инфекциясын, оның мөлшерін анықтай алатын алғашқы сынама жасады. Тест дәрігерлерге науқастың қаншалықты жұқпалы екенін бағалауға және аурудың ауырлығы мен нәтижесін болжауға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі iz.ru басылымына сілтеме жасап.

Сынама дәрігерлерге кез келген биологиялық материалда коронавирус инфекциясын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, сілекей, нәжіс пен қан плазмасы арқылы. Алдын ала мәлімет бойынша, ол ПТР-сынамасымен бірдей болады.
"Бұл мәлімет дәрігерлер мен эпидемиологтарға науқастың жұқпалы болу дәрежесіне қатысты сапалы жаңа ақпарат алуға, ауру деңгейі мен ұзақтығын болжауға, вирус динамикасын бақылауға, басқаша айтқанда, емдеудің тиімділігіне болжауға мүмкіндік береді", - деді Роспотребнадзор эпидемиологиясының жоғары және төменгі тыныс жолдары инфекцияларының қоздырғыштарын бақылау жөніндегі референс-орталығы және ЖРИ диагностикасының жаңа әдістерін әзірлеу ғылыми тобының жетекшісі Светлана Яцышина.
Айта кетейік, биыл ақпанда Францияда смартфон көмегімен коронавирус инфекциясын анықтауға арналған құрылғы жасалғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также