ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2020 | 09:12
Норвегияда коронавирустың бұған дейін белгісіз штамы анықталды
Норвегияның Тронхейм қаласында дәрігерлер коронавирустың бұрын белгісіз болған штамын анықтады. Бұл туралы NRK телерадиокомпаниясына коммунаның бас дәрігері Туве Росстад мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Норвегияның Тронхейм қаласында дәрігерлер коронавирустың бұрын белгісіз болған штамын анықтады. Бұл туралы NRK телерадиокомпаниясына коммунаның бас дәрігері Туве Росстад мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бұл вирус қайдан шыққанын білмейміз. Норвегияда вирустың бұл түрі бұған дейін болмаған. Халықаралық базалар бойынша да іздедік, алайда ол жерлерден де табылмады", - дейді дәрігер.
Маманның сөзінше, вирус мутацияланғаны туралы болжамды дәрігерлер осы штамды жұқтыру көбейе бастағаннан кейін жасаған. Ауру басталғаннан кейін коронавирус қоздырғышы 35 адамнан анықталған, тағы 1,5 мыңға жуық адам карантинге жіберілді, олардың көбі "Маленький Лондон" атты жергілікті клубта болған.
Жергілікті ауруханадағы вирустың үлгілері Норвегияның Қоғамдық денсаулық институтына зерттеуге жіберілді. Жаңа вирустың нақты қасиеттері қандай екені әлі белгісіз. Сарапшылардың сөзінше, оны тез жұқтырып алу мүмкін, алайда қандай формада өтетіні белгісіз.
Норвегиядан келген хабарға қатысты ойын білдірген ресейлік Анатолий Альтштейннің сөзінше, COVID-19 адаммен байланыссыз тарайды деп айту әлі ерте. Сарапшының сөзінше, ол еуропалық әріптестерінің нақты ғылыми есебімен әлі таныс емес.
"Бірден айта кетейін, норвегиялық вирусологтардың жұмысымен таныс емемспін, "байланыссыз жұқтыру" дегеннің не екенін білмеймін. Вирусты тасымалдаушы - адам, ол инфекцияны басқа адамға ауа-тамшы жолдары арқылы таратады, мысалы амандасу арқылы болуы мүмкін", - дейді дәрігер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также