ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2021 | 14:03
Нұр-Сұлтанда балалар коронавирусты жиі жұқтырып жатыр
Нұр-Сұлтанда қыркүйекте балалардың коронавируспен ауыруы жиілей түскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда қыркүйекте балалардың коронавируспен ауыруы жиілей түскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Қала әлі де "қызыл" аймақта.
"Қалада тәулігіне 200-280 жаңа жағдай тіркеледі. Қыркүйекте тамызбен салыстырғанда көрсеткіш 3,5 есеге төмендеген. Қыркүйекте ауру жұқтырған балалардың үлесі 16 пайыздан 24,3 пайызға өсті. Жасөспірімдерде 2,5 пайыздан 5,4 пайызға дейін өскен. Ауырған балалардың үлесі 2,3 пайыздан 20 пайызға дейін өсті. Оқу жылы басталғалы 2232 мектеп оқушысы ауырды. Бұл жалпы ауырғандардың 19,6 пайызы және жалпы мектеп оқушыларының 1 пайызы болады. Оның ішінде 642 мектеп оқушысы оқу жылы басталғанға дейін ауырған, 1590 оқушы оқу басталғаннан кейін ауырған", - деді Бейсенова брифингте.
Санитарлық дәрігердің айтуынша, жағдай қаладағы 125 мектептің 1237 сыныбында тіркелген. 1526 оқушы емделіп, мектепке оралған.
"Қазір 88 мектептің 303 сыныбында карантин шаралары жалғасып жатыр. Ауыратындардың ең көбі 3-8 сынып оқушылары арасында байқалады, бұл - 963 жағдай немесе мектеп оқушыларының арасында ауырғандардың 43 пайызы", - деп қосты Сархат Бейсенова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также